Сатпаевтің командаласын әйелі қуып жіберді: не болды
Дастан Сатпаевтың «Бернлидегі» командаласы Кайл Уокер — әлемдік футболдың жұлдызы әрі Англия құрамасының аңызы. Алайда футбол алаңынан тыс жерде тәжірибелі қаптал қорғаушысының беделі мінсіз деуге келмейді.
Sports24.kz Уокердің 2025 жылы «Манчестер Ситиден» «Миланға» даулы түрде ауысуының егжей-тегжейін еске түсіреді.
Ағылшын футболшысы «россонеридің» ойыншысы ретінде 2025 жылдың қаңтарында таныстырылды. Алайда британдық БАҚ өкілдері бірауыздан мәлімдегендей, қорғаушының Манчестерден кету туралы шешімі футболға мүлде байланысты болмаған.
Уокер отбасындағы драма
Бір жыл бұрын модель Лорин Гудман Уокердің балаларының әкесі екенін жариялағаннан кейін футболшының төңірегінде үлкен жанжал шықты. Қорғаушының әйелі Энни Килнер Уокерді үйден қуып жіберіп, кейін ажырасуды талап етті.
Англиядағы ұзаққа созылған отбасылық дағдарыс пен жанжалдар аясында футболшы клубын ауыстырып, итальяндық «Миланға» көшті. Ақыры футболшының әйелі, сол кезде оның төрт баласының анасы болған Энни адвокат жалдап, мүліктің жартысына, соның ішінде автокөліктер коллекциясы мен құны 2,7 миллион фунт болатын зәулім үйге үміткер болды.
Бүгінде қорғаушының отбасылық жағдайы қалай
Энни Килнер футболшының опасыздығы мен көңілдесімен қарым-қатынасын кешірді. 2026 жылдың маусымында ерлі-зайыптылардың қызы дүниеге келіп, ол олардың бесінші ортақ баласы атанды. Жұбайлар отбасылық дәстүрді сақтап, есімі R әрпінен басталатын баланы таңдады. Олардың төрт ұлының есімдері — Роман, Риан, Рейн және Резон. Бесінші балаларына олар Ройал Уиш деген есім берді.
Қорғаушының Италиядағы кезеңі ұзаққа созылмады. Кейін ол Англияға оралып, 2025 жылдың шілдесінде «Бернли» ойыншысы атанды. Дастан Сатпаевтың командасы сапында 36 жастағы Уокер барлық турнирде 44 матч өткізіп, екі нәтижелі пас берді.