Азия ойындары-2026: қазақстандық балуандар жеребесінің толық нәтижелері
Жапонияда өтетін XX жазғы Азия ойындарында қазақстандық балуандарға қарсылас болатын спортшылардың барлығы анықталды, деп хабарлайды Sports24.kz.
30 қыркүйекте Айти мен Нагояда өтетін Азия ойындарында күрес жарыстары басталады. Қазақстан құрамасы сапында жарысқа үш күрес түрінен 18 спортшы қатысады.
Назарларыңызға турнирде қазақстандық балуандарға қарсылас болатын спортшылардың толық тізімін ұсынамыз.
Грек-рим күресі:
- 60 кг: Ернар Фидахметов – Аята Сузуки (Жапония)
- 67 кг: Мейіржан Шермаханбет – Мохаммад Резае (Иран)
- 77 кг: Демеу Жадыраев – Акжол Махмудов (Қырғызстан, екі дүркін әлем чемпионы)/Нао Кусака (Жапония, 2024 жылғы Олимпиада чемпионы)
- 87 кг: Шамиль Ожаев – Голамзера Фарохисенжани (Иран, әлем чемпионы)
- 97 кг: Ислам Евлоев – Зеганг Ванг (Қытай)
- 130 кг: Олжас Сырлыбай – Мин Сеок Ким (Оңтүстік Корея)/Рафаэль Цицуашвили (Өзбекстан)
Еркін күрес:
- 57 кг: Нұрданат Айтанов – Соеун Сопхорс (Камбоджа)
- 65 кг: Начын Кулууар – Абдулмажид Кудиев (Тәжікстан, әлем чемпионатының қола жүлдегері)
- 74 кг: Нұрқожа Қайпанов – Инаят Уллах (Пәкістан)
- 86 кг: Азамат Дәулетбеков – Хаёто Ишигуро (Жапония, әлем чемпионатының күміс жүлдегері)
- 97 кг: Ризабек Айтмұхан – Исмаил Картоев (Тәжікстан)
- 125 кг: Едіге Қасымбек – Раджат Рухал (Үндістан)
Әйелдер күресі:
- 50 кг: Зейнеп Баянова – Мухнар Буямбасурен (Моңғолия)
- 53 кг: Шығула Өмірбек – Антим (Үндістан)
- 62 кг: Ирина Кузнецова – Манси (Үндістан)
- 68 кг: Жәмила Бақбергенова – Ами Иши (Жапония)
- 76 кг: Эльмира Сыздықова – Хои Тыз Чанг (Қытайлық Тайбэй)/Давасан Енхамар (Моңғолия).
Бұған дейін қазақстандық балуандардың медаль үшін бозкілемге қашан шығатыны туралы жазған болатынбыз.