Қазақстан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында қанша медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасындағы өнерін аяқтады. Жарыс қорытындысы бойынша спортшылар сегіз медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстандықтар ең көп жүлдені бокстан еншіледі. Құраманың қоржынында екі алтын, үш күміс және үш қола медаль бар.
Құрамаға алтын жүлделерді дзюдодан 52 келіге дейінгі салмақта жеңіске жеткен Фатима Супыгалиева мен тас жолдағы жеке уақытқа жарыста үздік атанған Анель Ташбай сыйлады.
Қазақстандық спортшылар бокстан тағы үш медаль жеңіп алды. Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін) мен Бибарыс Аширбай (70 келіге дейін) күміс жүлдегер атанса, Марал Төлепберген (54 келіге дейін) қола медаль иеленді. Семсерлесуден тағы бір күміс жүлдені Айбар Қайым жеңіп алды.
Қола жүлдегерлер қатарында триатлоншы Рамазан Айгенов пен 63 келіден жоғары салмақта сынға түскен таеквондошы Любовь Юн да бар.
Жарысқа Қазақстан атынан спорттың 11 түрінен 18 спортшы қатысты. Жасөспірімдер Олимпиадасының жабылу салтанаты 14 қарашаға жоспарланған.