Алты гол соғылған матчпен Қазақстан Еуро іріктеуінің бірінші кезеңін аяқтады
Қазақстан U-19 Еуро-2027 іріктеуінің бірінші кезеңін Греция құрдастарымен кездесумен аяқтады, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.
Жігіттеріміз топтық кезеңнің екінші турынан кейін-ақ А лигасындағы орнын қамтамасыз етіп қойған болатын.
Алайда, бірінші кезеңді сәтті нотада аяқтау мүмкін болмады: Қазақстан құрамасы Грецияда 2:4 есебімен жеңіліске ұшырады.
Ойын тағдыры 52-минутта-ақ шешілді: сол уақытқа дейін біздің команда қарсыластан жауапсыз төрт гол жіберіп үлгерген еді. Исмаил Бекболат кездесудің соңында есепті ашты. Ал есебін түпкілікті 2:4 қылған — Алмагир Смаков.
Осылайша, Қазақстан U-19 топта 4 ұпаймен үшінші орынға тұрақтап, А лигасындағы іріктеудің екінші кезеңіне дайындалады. Квартеттің жеңімпазы — Португалия (5 ұпай).
Айта кетейік, турнир регламентіне сәйкес, топтағы үздік үш команда А лигасы іріктеуінің екінші раундында өнер көрсетуді жалғастырады.
Тек соңғы орын алған құрама ғана В лигасына түседі.
Еуропа чемпионаты U-19. Іріктеу. А лигасы
Қазақстан U-19 – Греция U-19 – 2:4 (0:2)
Голдар: Бекболат, 77, Смаков, 84 – Аврамулис, 32, Бердос, 41, 52, Аретис