locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан Сербияны сенімді түрде жеңді – Еуро іріктеуіндегі жарқын триумф!

Бекболат дубль авторы атанды, тағы бір голды Исмағұлов соқты
ФОТО: КФФ

Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы 2025/26 маусымындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін Сербия құрдастарына қарсы матчпен жалғастырды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Португалиямен алғашқы турда сенсациялық тең нәтижеге (1:1) қол жеткізгеннен кейін, Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеуінің келесі кезеңіне шығуға тамаша мүмкіндік алды.

Кездесу біздің жігіттер үшін сәтсіз басталды: Милованович 9-минутта сербтерді алға шығарды. Дегенмен, Қазақстан құрамасы сасып қалмай, үш жауап голмен қарсыласты састырды!

Үзіліске дейін Исмағұлов есепті теңестірсе, екінші таймда Бекболат дубль жасап, матчтың соңғы есебін белгіледі: 3:1.

Осы жеңістен кейін Қазақстан 4 ұпай жинап, топ көшін бастады. Сербтерде 3 ұпай қалды. Бірінші іріктеу кезеңін Қазақстан U-19 9 маусымда Грекияға қарсы матчпен аяқтайды.

Бүгін кешке квартеттің екінші турындағы тағы бір матчта Португалия (1 ұпай) мен Грекия (0 ұпай) өзара ойнайды.

Еске сала кетейік, үш турдан кейін топтық кезеңде үздік үш команда А лигасының екінші кезеңіне өтеді, ал ең соңғы команда В лигасының екінші кезеңіне түседі.

Еуропа чемпионаты U-19. Іріктеу. А лигасы
Сербия U-19 – Қазақстан U-19 – 1:3 (1:1)
Голдар:
Милованович – Исмағұлов, 25, Бекболат, 47, 51

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie