Қазақстан құрамасы есепте екі рет алда тұрып, Словакиямен матчта жеңісті уысынан шығарды
Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының матчында Словакиямен тең түсті. «Астана Аренада» өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Матчтағы алғашқы голды 29-минутта Ислам Чесноков соқты. Қазақстан құрамасының шабуылшысы әдемі соққысымен көзге түсіп, командасының үзіліске басымдықпен кетуіне көмектесті.
Ұлттар лигасы матчінің бірінші таймынан кейін Қазақстан Словакияны жеңіп жатыр
Екінші таймда словакиялықтар есепті теңестірді. 56-минутта Роберт Боженик гол соқты. Алайда қазақстандықтар шабуылды жалғастырып, қайтадан алға шықты.
65-минутта Ян Вороговскийдің голы шешуші болуы мүмкін еді. Оның дәл соққысы Қазақстан құрамасын топ көшбасшыларының біріне қарсы жеңіске жақындатты.
Қазақстандықтар жеңіске жақын болды, бірақ басымдығын сақтап қала алмады. 95-минутта Лукаш Капралик Словакия құрамасының екінші голын соғып, есепті 2:2-ге жеткізді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының тобындағы өнерін квартет көшбасшысымен тең ойынмен аяқтады.
Қазақстан — Словакия — 2:2 (1:0).
Голдар: Чесноков, 29, Вороговский, 65 — Боженик, 56, Капралик, 90+5.
Еске салайық, словакиялықтар бұл матчқа дейін-ақ Ұлттар лигасы С дивизионының 3-тобында бірінші орын алатынына кепілдік беріп қойған. Қазақстанмен тең түскеннен кейін олардың еншісінде 12 ұпай бар.
Ал Қазақстан құрамасы алты турдан кейін үш ұпаймен квартетте соңғы, төртінші орынға тұрақтады.