locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Көңіл күй мүлде жоқ»: Кенжебек Қазақстанның Словакиямен матчта жеңісті қолдан беріп қойғаннан кейін пікір білдірді

Ұлттық құрама есепте екі рет алға шыққанымен, матч соңында 3 ұпайдан айырылды
Футбол
«Көңіл күй мүлде жоқ»: Кенжебек Қазақстанның Словакиямен матчта жеңісті қолдан беріп қойғаннан кейін пікір білдірді
ФОТО: instagram.com/kenzhebek.11

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы матчта Словакиямен болған тең ойынға (2:2) пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz Qazsport-қа сілтеме жасап.

Кездесу «Астана Аренада» өтті. Кенжебек Чесноков пен Вороговский соққан голдарға екі нәтижелі пас берді.

Алайда команда басымдығын сақтап қала алмады: словакиялықтар 95-минутта Лукаш Капралик соққан голдың арқасында есепті теңестірді.

Матчтан кейін футболшы Qazsport тілшісінің сұрақтарына жауап берді.

- Екі голдық пас беріп, бар күшіңді салдың. Команда қанаттарда кеңірек ойнап, қауіптің көбі сол жақтан төнгендей көрінді. Солай болды ма?

«Қазір екі голдық пасым туралы ойлап тұрған жоқпын. Команда болып жеңіске жете алмадық. Көңіл күй мүлде жоқ», - деді Кенжебек.

Сондай-ақ Кенжебек бүкіл матч бойы ұлттық құраманы қолдаған жанкүйерлерге де үн қатты.

«Жанкүйерлерге рақмет. Біз әрдайым олар үшін ойнаймыз. Ұлттар лигасында көңілдерін қалдырғанымыз үшін кешірім сұраймыз. Алда әлі матчтар бар, бір күні жарқ етіп көрінеміз», - деп түйіндеді Ғалымжан.

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы С дивизионының 3-тобындағы ойындарын үш ұпаймен аяқтады. Команда соңғы, төртінші орынға тұрақтады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie