Қазақстан Ұлттар лигасы матчының бірінші таймынан кейін Словакиядан басым түсіп келеді
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының алтыншы, қорытынды туры аясында Словакиямен өз алаңында өтіп жатқан матчта есеп ашты, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесудің 29-минутында Ислам Чесноков көзге түсті. Жартылай қорғаушы допты қарсылас қақпасына дарытып, ұлттық құраманы алға шығарды.
Галымжан Кенжебек нәтижелі пас авторы атанды.
Бірінші таймнан кейін Қазақстан құрамасы Словакиядан 1:0 есебімен басым түсіп келеді. Кездесу «Астана Арена» стадионында өтіп жатыр.
Қазақстан – Словакия: Ұлттар лигасы матчының тікелей трансляциясын қайдан көруге болады
Еске салайық, словактар бұл матчқа дейін-ақ Ұлттар лигасы С дивизионының 3-тобында бірінші орын алатынына кепілдік беріп, бес турдан кейін 11 ұпай жинаған болатын.
Ал Қазақстан құрамасы қорытынды ойынның алдында екі ұпаймен топтың соңғы орнында тұрды. Қазақстан мен Словакиядан бөлек, топта Фарер аралдары мен Молдова құрамалары да өнер көрсетеді.