locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ұлттар лигасындағы матчқа Қазақстан мен Словакияның бастапқы құрамдары белгілі болды

Қазақстан мен Молдова құрамалары 16 қарашадағы матчқа бастапқы құрамдарын жариялады
Футбол
Фото; КФФ

Қазақстан мен Молдова құрамалары УЕФА Ұлттар лигасының бесінші турындағы кездесуге арналған бастапқы құрамдарын анықтады. Джон ван ’т Схип шәкірттері турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, қазандағы жеңілістің қарымтасын қайтаруға тырысады, деп хабарлайды Sports24.kz.

16 қарашада Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы топтық кезеңінің соңғы матчын өткізеді. Қарсыласы — осыдан бір ай бұрын өз алаңында қазақстандықтарды жеңген Словакия құрамасы.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Схип алаңға алғашқы минуттардан бастап шығатын футболшыларды таңдады.

Қазақстанның бастапқы құрамы: Стас Покатилов, Ашырбек, Малый, Жұмаханов, Әліп, Исламхан, Тапалов, Караман, Вороговский, Чесноков, Кенжебек.



Словакияның бастапқы құрамы: Родак, Палущак, Шатка, Крчик, Месик, Небыла, Покорны, Риго, Прекоп, Боженик, Гараслин.



Шешуші тур қарсаңында Словакия құрамасы 11 ұпаймен C3 тобында көш бастап, В дивизионына көтерілетінін мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. Қазақстан бес матчтан кейін екі ұпай жинап, топтың соңғы орнында тұр.

Өткен турда қазақстандықтар Молдоваға 1:2 есебімен есе жіберсе, словакиялықтар Фарер аралдарымен 2:2 есебімен тең түсті.

Ұлттар лигасының осы маусымындағы алғашқы өзара кездесуде Словакия Қазақстанды 2:1 есебімен жеңген.

Қазақстан мен Словакия арасындағы кездесу Қазақстан уақытымен 20:00-де басталады. Матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Азамат Қамза
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie