Германия – Нидерланды: Ұлттар лигасы матчын тікелей эфирден қайдан көруге болады
16 қарашада Германия мен Нидерланды құрамалары УЕФА Ұлттар лигасының 2026/27 маусымындағы топтық кезеңнің соңғы матчын өткізеді. Алтыншы турда командалар Берлинде кездесіп, А2 тобындағы қарсыластардың түпкілікті орны анықталады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Соңғы тур қарсаңында Нидерланды құрамасы 11 ұпаймен А2 тобында көш бастап тұр. Рональд Куманның командасы турнирдің ширек финалына топтан бірінші орынмен шығуға үміткер. Германия құрамасы еншісіндегі сегіз ұпаймен үшінші орында келеді. Екінші орында дәл осындай ұпайы бар Грекия, төртінші орында бір ұпаймен Сербия тұр.
Алдыңғы турда немістер Сербияны 3:1 есебімен жеңсе, Нидерланды Грекияны ойсырата ұтты (7:0).
Қарсыластар турнирдің биылғы додасында бұған дейін де кездескен. Бірінші айналымда командалар жеңімпазды анықтай алмай, 1:1 есебімен тең түсті.
Осылайша, алдағы матч екі құрама үшін де шешуші болмақ. Нидерланды топтағы көшбасшылығын сақтап қалуға тырысса, Германия Ұлттар лигасының ширек финалына шығу үшін күресті жалғастырады.
Кездесу Берлиндегі «Олимпиаштадион» стадионында өтеді. Матчтың алғашқы ысқырығы 17 қарашада Қазақстан уақытымен 00:45-те соғылады. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.