Күтпеген жағдай: Гвардиола «Манчестер Ситиге» қайта оралады
Пеп Гвардиола «Манчестер Ситимен» эмоционалды кездесуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Sports24.kz.
The Times басылымының журналисті Пол Хирстің хабарлауынша, Гвардиола келесі аптада Чемпиондар лигасында «Пари Сен-Жерменге» қарсы өтетін «Ман Сити» матчын тамашалайды. Ойын 14 қазан күні «Этихад» стадионында өтеді. Бұл испан маманының клубтың бас бапкері ретінде он жыл өткізген аренасына қайта оралатынын білдіреді.
Гвардиола өткен маусым аяқталғаннан кейін «Ман Ситиден» кетіп, ағылшын футболындағы ең табысты бапкерлік дәуірлердің бірін аяқтады. Қазір команданы Энцо Мареска басқарады, ал Пеп осы маусымда бапкерлік қызметпен айналысқан жоқ.
Оның сапары бұрынғы клубы үшін аса күрделі кезеңге тұспа-тұс келіп отыр. Гвардиола Премьер-лиганың қаржылық іс бойынша тәуелсіз комиссиясы шығарған шешімнен кейін «Манчестер Ситиге» қолдау білдірді.
Бұған дейін Хусановтың клубы АПЛ-дан шығарылып, Чемпионшипке қабылданбауы мүмкін екенін хабарлаған едік.