locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Атлетико» – «Барселона». Онлайн көру

«Атлетико» – «Барселона» матчын Қазақстанда қашан және қайдан көруге болады
Футбол
«Атлетико» – «Барселона». Онлайн көру
ФОТО: Getty images
Ла Лига Испания
08.11.2026, 15.00
Атлетико Мадрид
-
Барселона
-

8 қарашадан 9 қарашаға қараған түні Мадридтегі «Метрополитано» стадионында Испания Ла Лигасының 12-турындағы басты кездесулердің бірі өтеді. Жергілікті «Атлетико» чемпионат көшбасшысы «Барселонаны» қабылдайды, деп хабарлайды Sports24.kz.

11 турдан кейін каталониялық клуб 30 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орында тұр. «Барселона» осы уақытқа дейін он кездесуде жеңіске жетіп, бір рет жеңілген. Ал 28 ұпайы бар «Атлетико» екінші сатыға жайғасқан.

Демек, Диего Симеоненің шәкірттері жеңіске жетсе, қарсыласын басып озады. Ал «Барселона» үш ұпай еншілеген жағдайда мадридтік ұжыммен арадағы айырмашылықты бес ұпайға жеткізеді.

Қос команда алдағы кездесуге Чемпиондар лигасындағы әртүрлі нәтижемен келіп отыр. Жалпы кезеңнің төртінші турында «Барселона» өз алаңында Англияның «Астон Вилла» клубын 3:0 есебімен жеңді. Ал «Атлетико» Мюнхеннің «Бавариясына» 0:2 есебімен жол берді.

Дегенмен Испания чемпионатының алдыңғы турында екі ұжым да жеңіске жеткен. Мадридтік команда сырт алаңда «Левантеден» 2:0 есебімен басым түссе, Ханс-Дитер Фликтің шәкірттері «Алавесті» 6:1 есебімен ойсырата жеңді.

Қарсыластар соңғы рет 2026 жылдың сәуір айында Чемпиондар лигасының ширек финалында кездескен болатын. Екі матчтың қорытындысында «Атлетико» 3:2 есебімен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Мадридтік клуб алғашқы ойында 2:0 есебімен жеңіске жетіп, қарымта кездесуде 1:2 есебімен ұтылғанына қарамастан, келесі кезеңге өтті.

«Атлетико» – «Барселона» кездесуі 9 қарашада Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де басталады. Матчты Setanta Sports телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie