locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«QJ League толыққанды спорттық экожүйеге айналды» – Тимур Турлов

Жоба Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту бағытындағы жұмысын жалғастыруда.
Футбол
ФОТО: QJL

Алматыда QJL Awards марапаттау рәсімі – Қазақстандағы жасөспірімдер арасындағы футбол чемпионаттары жүйесі Freedom QJ League-тің төртінші маусымының салтанатты жабылу кеші өтті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Гала-кештің визуалды безендірілуіне QJ Gravity тұжырымдамасы негіз болды. Ғарыштық мотивтер залдың безендірілуінен, декорациялардан және әлеуметтік желілердегі жарияланымдардан көрініс тапты.

Қонақтарға құттықтау сөзін Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры әрі Freedom QJ League Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тимур Турлов, сондай-ақ Лига президенті Рохус Шох арнады.

«Чемпиондарымыз бен маусымның барлық қатысушыларын құттықтаймын! Лиганы құрған кезде оның кәсіби футболға бастайтын баспалдақ болуы керектігін айтқан едім. Бүгінде QJ League толыққанды спорттық экожүйеге айналды: осы маусымда оған 66 команда және екі мыңға жуық футболшы қатысып, 700-ге жуық матч өткізді. Біз ақылды камераларды, жаттықтырушыларға арналған цифрлық платформаны және жаттығу үдерісін талдау технологияларын енгіздік. Ал Лиганың арқасында қазірдің өзінде 350-ден астам жас футболшы кәсіби деңгейге көтерілді, олардың арасында ұлттық құрамалар ойыншылары да бар», – деді Тимур Турлов.

Айта кетейік, Лига дәстүрлі жыл сайынғы аталымдар бойынша жеңімпаздарды анықтады. QJL Awards аясында табысталатын жүлделердің басым бөлігі қазақстандық футболда өшпес із қалдырған тұлғалардың есімімен аталады – өткеннің қаһармандарынан бастап бүгінгі жұлдыздарға дейін.

Зайнутдинов атындағы жүлде кімге бұйырды?

Сонымен қатар «Қайраттың» түлегі Дәулет Орынбасар Бақтияр Зайнутдинов атындағы жүлдеге ие болып, шетелдік клубта тағылымдамадан өту мүмкіндігіне қол жеткізді. Мұндай мүмкіндікті Лиганың халықаралық ойыншыларды дамыту бағдарламасы аясында «Астана Моторс» компаниясының құрамына кіретін, Қазақстандағы Changan брендінің ресми дистрибьюторы ұсынады.

ФОТО: QJL


Салтанатты рәсім барысында Лиганың жаңа ресми добы таныстырылды. Өткен маусымдағы матчтар adidas Tiro Pro үлгісімен ойналса, 2027 жылы турнирлерде Freedom QJ League арнайы брендингі бар PUMA доптары пайдаланылады.

STELLAR Pro QJ League үлгісінің FIFA Quality Pro сертификаты бар. Бұл оның ресми футбол жарыстарына қойылатын талаптарға сәйкестігін растайды.

Маусым басталар алдында қатысушы командалардың әрқайсысы Лигадан ойындар мен жаттығуларға арналған ондаған доп алады. Кеш бағдарламасының бір бөлігі дәстүрлі қайырымдылық аукционына арналды.

Аукционға «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холандтың өзі қол қойған жейдесі қойылды – оны Лиганың серіктесі Mastercard компаниясы ұсынды.

«Қайрат» тағы да биіктен көрінді

Кештің басты командалық оқиғасы U-18 жас санатындағы «Қайратты» ұлықтау болды: алматылық жасөспірімдер чемпиондық кубокты бастарынан жоғары көтерді. Алматы командасы Freedom QJ League кубогын қатарынан төртінші рет жеңіп алды.

ФОТО: QJL
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie