locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Атыраудың» бапкері Қуаныш Қабдолов «Ордабасымен» өткен ойын туралы пікірін білдірді

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
«Атыраудың» бапкері Қуаныш Қабдолов «Ордабасымен» өткен ойын туралы пікірін білдірді
ФОТО: ФК Атырау

«Атыраудың» уақытша бас бапкері Қуаныш Қабдолов «Ордабасыға» (1:2) қарсы өткен ойын туралы пікір білдіріп, команданың болашағына тоқталды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

«Ең алдымен, бір аптада үшінші ойын өткізгеніміз әсер етті. Күшіміз жетпеді. Бірінші таймда біздің тараптан қозғалыс көп болса, екінші таймда қорғаныс ақсап қалды. Ойын тәртібі керек, допты тартып алып, белсенді талас жүргізу қажет. Шынын айтқанда, қорғанысты дұрыстаймыз деп, шабуылға көп көңіл бөле алмадық.

Жағдайды түзетуге тырысамыз. Ауыр болады, бірақ мінезді қосып, ойын тәртібін алға қойып, жұмыс істейміз. Бір ғана жеңіс, бір ғана оң нәтиже командаға үлкен сенім беретіні сөзсіз», - деді бапкер.

Қабдолов «мұнайшылардың» басына Константин Горовенкомен 21 сәуірде өз еркімен қызметінен кеткеннен соң келген болатын.

«Атырау» биылғы чемпионаттың бірінші турында «Елімайды» (2:1) сенсациялық түрде жеңгеннен соң бірде бір ұпай иемдене алмады. Команда тоғыз ойыннан соң 7:23 гол айырмасымен 13 орында табан тіреді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie