Константин Горовенко «Атырау» клубынан кетті
Футбол
Абылай Сеитов
Журналист
ФОТО: ФК «Атырау»
«Атырау» футбол клубы бас бапкер Константин Горовенкомен келісімді тоқтатқанын ресми түрде хабарлады. 48 жастағы қазақстандық маман қызметінен өз еркімен кеткен.
Горовенко маусым басталар алдында «Атырауды» тізгіндеп, командамен екі оқу-жаттығу жиынын өткізген болатын. Алайда Премьер-лиганың алғашқы кезеңі сәтсіз өтті — бапкердің жетекшілігімен команда алты чемпионаттық және бір кубоктық матч өткізіп, тек бір жеңіске қол жеткізді.
Қазіргі уақытта бас бапкердің міндетін Денис Николаевич Мамонов уақытша атқаратын болады.