Қатарынан төртінші жеңіс: «Ордабасы» Атырауда үш ұпай еншіледі
Шымкенттің «Ордабасы» командасы Қазақстан Премьер-лигасындағы сәтті сериясын жалғастырып жатыр. 7-тур аясындағы сырт алаңдағы кездесуде шымкенттіктер «Атырауды» 2:1 есебімен тізе бүктірді. Бұл - команда үшін қатарынан төртінші жеңіс.
Алғашқы гол 37-минутта Малыйдың арқасында соғылды. Екінші тайм бастала салысымен Сұлтанбек Астанов есепті еселей түсті - бұл оның маусымдағы екінші голы. «Атырау» тек матч соңында ғана жауап қайтарып, 89-минутта Сапанов есепті қысқартты. Алайда қалған уақыт жергілікті ұжымға таразы басын теңестіруге жетпеді.
ҚПЛ. 7-тур
«Атырау» – «Ордабасы» – 1:2
Голдар: Сапанов, 89 (1:2) - Малый, 37 (0:1), Астанов, 51 (0:2)
Бұл жеңістен кейін «Ордабасы» 11 ұпаймен турнирлік кестеде алтыншы орынға көтерілді. Ал «Атырау» бірінші турда «Елімайды» жеңгенімен (2:1), содан бері жеңіске жете алмай, 3 ұпаймен 13-орында қалып отыр.
Келесі турда, 11 мамырда «Ордабасы» өз алаңында «Қайсарды» қабылдайды, ал «Атырау» 10 мамырда сырт алаңда «Тұранға» қонаққа барады.