locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Атырау» - «Ордабасы» матчындағы төрешілердің жұмысын KFF League басшысы қадағалайды

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
«Атырау» - «Ордабасы» матчындағы төрешілердің жұмысын KFF League басшысы қадағалайды
ФОТО: ҚФФ

Кәсіпқой клубтар арасындағы жарыстарды өткізу дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылқайыр төрешілердің жұмысын бақылау үшін «Атырау» - «Ордабасы» матчына өзі келіп тұруға уәде берді, деп хабарлайды «Тотальный футбол KZ» Telegram арнасы.

Ойын алдында «Ордабасы» жанкүйерлері «Атыраумен» өтетін кездесуге қатысты үндеу жасады. Жанкүйерлердің айтуынша, «Атырау» алдағы ойындарда төрешілер көмегіне жүгіну үшін «Қайрат» пен «Астанамен» жазғы екі ойынының уақытын өзгертуге келіскен.

Бұған жауап ретінде KFF League басшысы Бақытжан Пазылқайыр матчқа қатысып, төрешілер жұмысының сапасын қадағалайтынын айтты.

Қазақстан Премьер-лигасының 7-турындағы «Атырау» - «Ордабасы» ойыны 3 мамыр күні «Мұнайшы» стадионында өтеді.

Бұған дейін ҚФФ төрелік және инспекция департаментінің директоры Нуно Паррейра «Атырау» - «Астана» ойынында қате тағайындалған пенальтиді анықтаған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie