«Атырау» - «Ордабасы». Шымкенттіктердің қатарынан төртінші жеңісі, Сапановтың маусымдағы үшінші голы. Голдар және матчқа бейнешолу
3 мамыр күні Қазақстан Премьер-лигасының 7-туры аясында Шымкенттің «Ордабасы» командасы сырт алаңда «Атырауды» 2:1 есебімен жеңіп, жеңісті сериясын төрт матчқа дейін ұзартты.
Ойынның 37-минутында есепті Малый ашты, ал екінші тайм басында Сұлтанбек Астанов биылғы маусымдағы екінші голын соқты. «Атырау» сапындағы жалғыз жауап голды 89-минутта 39 жастағы ардагер ойыншы Ерлан Сапанов енгізді. Бұл – Сапанов үшін қазіргі маусымдағы үшінші гол.
Айта кетейік, бұл кездесуде бірден екі нәтижелі серия үзіліп отыр. «Ордабасы» қақпашысы Бекхан Шайзада қатарынан төртінші ойында қақпасын құрғақ ұстауға жақын болғанымен, соңғы минуттағы гол серияны үзді. Сонымен қатар, бразилиялық жартылай қорғаушы Эвертон соңғы үш матчтың бәрінде гол соғып жүрген еді , алайда бұл матчта ол нәтижелі әрекетпен көзге түсе алмады.
Назарларыңызға матчтың толық бейнешолуын ұсынамыз.