Атырау маусымды жеңіспен бастады


Бүгін футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші тур ойындары басталды.
Бірінші турдың алғашқы матчында "Атырау" мен "Елімай" командалары кездесті.
Атыраудың "Мұнайшы" стадионында өткен матчта атыраулық команда 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Алғашқы таймда командалары 1:1 есебімен тең тарқасқан болатын. Екінші таймда төреші "Елімай" қақпасына пенальти белгіледі. 11 метрлік айып добын сәтті орындаған Барбоза есепті еселеді. Осылайша матч 2:1 есебімен аяқталды.
ҚПЛ. 1-ші тур. 1 наурыз.
Атырау - Елімай - 2:1
Голдар: Оралбай, 15, Барбоза, 54, - Мулич, 15.
Айта кетейік, “Атырау” шабуылшысы Едіге Оралбай Қазақстан премьер-лигасының 2025 жылғы маусымының алғашқы голының авторы атанды.
Айта кетейік, 2-турда "Атырау" лиганың жаңа клубы "Оқжетпеске" қонаққа барады. Ал, семейліктер өз алаңында "Қайсар" командасын қабылдайды.
2-тур ойындары 8 наурыз күні өтеді.

Футбол
Бүгін 18:07

Футбол
Бүгін 17:27

Футбол
Бүгін 16:59