locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ақтөбеде» Александр Заруцкиймен келісімшартқа қатысты шешім қабылданды

33 жастағы қақпашы Ақтөбе клубында өнер көрсетуін жалғастырады. Жаңа келісімнің мерзімі әзірге жарияланған жоқ
Футбол
фото: ФК "Актобе"

«Ақтөбе» Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Александр Заруцкиймен келісімшартты ұзартқанын жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.

33 жастағы голкипермен ынтымақтастықты жалғастыру туралы клубтың баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде мәлімдеді. Алайда жаңа келісімнің нақты мерзімі айтылған жоқ.

««Ақтөбе» футбол клубы Александр Заруцкиймен келісімшартты ұзартқанын ресми түрде хабарлайды. Осы маусымда Саша барлық турнирде 31 матч өткізіп, жеті рет қақпасын голдан аман сақтады. Қақпашымызға тек сәттілік пен құрғақ матчтар тілейміз», - делінген клубтың мәлімдемесінде.

Бұған дейін тараптар келісімді 2029 жылдың соңына дейін ұзартуға уағдаласқаны хабарланған еді. Алайда клуб бұл ақпаратты әзірге растаған жоқ.

Еске салайық, Заруцкий 2026 жылғы маусым басталар алдында алматылық «Қайраттан» «Ақтөбеге» ауысты. Оның құрамында ол бір жыл бұрын Қазақстан чемпионы атанған болатын.

2026 жылғы Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша Ақтөбе командасы 30 матчта 49 ұпай жинап, бесінші орынға ие болды.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie