locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қатаң мәлімдеме: журналист Уразбахтин мен Бабаян арасында жекпе-жек ұйымдастыруға дайын

Арман Тынымов жаттықтырушыларға рингте қарым-қатынасын анықтауды ұсынды
Қатаң мәлімдеме: журналист Уразбахтин мен Бабаян арасында жекпе-жек ұйымдастыруға дайын
ФОТО: Sports24.kz

ҚПЛ-ның 27-туры аясындағы «Астана» — «Қайрат» (1:0) матчынан кейін Григорий Бабаян мен Рафаэль Уразбахтин арасындағы сөз тартысынан соң журналист Арман Тынымов ҚПЛ алпауыттарының жаттықтырушылары арасында жекпе-жек ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

MatchKz ресурсының редакторы жекпе-жек үшін әр жаттықтырушыға 15 миллион теңгеден гонорар ұсынбақ. Егер олар өзара қарым-қатынасын рингте анықтауға дайын болса, ол жекпе-жекті ұйымдастыру үшін бар күшін салмақ:

«»Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин «Астанамен» өткен матчтан кейін: «Шапито» деді. Бұған жауап ретінде Григорий Бабаян оны клоун деп атады. Сіздерге жекпе-жек ұйымдастыруға дайынмын! Гонорарды кейін талқылаймыз — әрқайсыңызға шамамен 15 миллион теңгеден. Егер келіссеңіздер, бүгін-ақ демеушімен барлық жайтты талқылап, жекпе-жек келісімшарттарын жіберуге дайынмын. Қалай ойлайсыздар, бұл жекпе-жекте кім жеңер еді?» — делінген жазбада.

Еске салайық, Бабаян мен Уразбахтин арасындағы сөз тартысқа «Астананың» бас директоры Алтай Даумов та реакция білдіріп, Алматы командасының бапкері тарапынан болған мұндай қызу реакцияның себебін түсінбейтінін айтқан еді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie