locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Артета: Ойын алдында Пеп Гвардиолаға хабарластым

ФОТО: gettyimages.com

Микель Артета «Сантьяго Бернабеудегі» жеңісті мансабындағы ең жарқын сәт деп атады

«Арсеналдың» бас бапкері жеңістен кейін жүзіне күлкі үйіріліп, жалпы есепте 5:1 есебімен жеңгендеріне қарамастан, бұл стадионда оңай болмағанын жасырмады:

«Бұл стадиондағы техникалық аймақта алғаш рет болдым. Сол сәтте-ақ «Реал Мадридтің» алаңда қалай хаос тудыра алатынын түсінесің. Бірақ біз бұл сынақтан жақсы өттік.»

Микель Мерино жайлы:

«Мерино командаға тез үйренісіп, нағыз көшбасшыға айналды. Оның еңбекқорлығы керемет. Бұрын байқалмаған қабілеттерін бізге көрсетіп жүр.»

Ойыннан кейінгі сезімі жайлы:

«Бұл түн – менің бапкерлік жолымдағы ең маңызды сәттердің бірі. Жанұям – әйелім мен балаларым жайлы ойладым. Олар бүкіл апта бойы осы ойынды, осы стадиондағы атмосфераны айтып жүрді. Жанкүйерлеріміз бен бізге сенгендердің бәріне қуаныш сыйлағаныма ризамын. Клубта жеңіске деген аштық айқын сезіледі.»

Саканың пенальтиі жайлы:

«Шынымды айтсам, оны бір ұрысып алғым келді (күледі). Ол шешімді өзі қабылдады, болды. Бірақ оның көңіл-күйіне қалай әсер етеді деп уайымдадым.»

Гвардиола туралы:

«Бүгін таңертең Пеп Гвардиолаға хабарластым. Себебі менің осында болуым — оның арқасы. Ол маған шабыт берген адам, әрі ойыншы және бапкер ретінде үлгі. Біз бірге төрт жыл жұмыс істедік. Менің осы деңгейге жетуіме оның ықпалы зор.

«Арсенал» жартылай финалда «ПСЖ»-мен кездеседі. Алғашқы ойын 30 сәуірден 1 мамырға қараған түні өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie