locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Анчелотти: Менімен не боларын білмеймін, білгім де келмейді

ФОТО: gettyimages.com

Карло Анчелотти үшін бұл кеш өте ауыр өтті – бәлкім, «Этихадтағы» 0:4 есебінен де қиын соққан шығар.

Екі жыл бұрын Испания кубогын қолына алып, клубтағы болашағы сенімді көрінетін. Ал қазір жағдай мүлде басқаша. Анчелотти бұны жақсы түсінеді, бірақ ол болашақ туралы көп сөз қозғаған жоқ – оның ойы әлі де маусымда қалған үш жүлдеге бағытталған: Ла Лига, Испания кубогы және Клубтар арасындағы әлем чемпионаты.

«Не боларын білмеймін, білгім де келмейді», — деді ол матчтан кейін Movistar арнасына.

Жауапты ойын жайлы:

«Бізге бір сәт керек болды — бәлкім, бізден тартып алынған пенальти... бір ғана сәт. Бірақ ашығын айту керек: «Арсенал» екі матчта да лайықты жеңіске жетті. Футболда жеңістің де, жеңілістің де беті бар. Біз көбіне жеңіс дәмін татқанбыз, ал бүгін – екінші жағын көрдік.»

Болашақ туралы:

«Қазір біз Ла Лигада күресіп жатырмыз, алда Кубок финалы бар, сосын – Клубтық чемпионат. Маусым бітер емес. Бірақ еңсемізді түсірмей, ары қарай жүру керек. Бұл – футболдың тағы бір жағы, біз бұған үйренбеген шығармыз. Ал менің болашағым? Айта алмаймын, білгім де келмейді.»

Плей-оффтағы сәтсіздік – бір кезеңнің нәтижесі ме, әлде бүкіл маусымның көрінісі ме?

«Әрине, көңілге қаяу түсірді. Бірақ дәл қазір бәрін таразылау – орынсыз. Бас көтеріп, мойындау керек: бұл маусым біздікі емес. Футболда жеңілмейтін команда жоқ.»

Егер клуб сізбен келісімді үзсе, клубтық чемпионатқа команда сізбен бара ма?

«Қазір бұл сұраққа жауап бере алмаймын.»

Бұл сіздің Чемпиондар лигасындағы соңғы матчыңыз болды ма деген ой келді ме?

«Білмеймін. Мен бұған дейін де айтқанмын: жұмысым аяқталған сәтте клубқа алғысымды білдіремін. Келісімшарт аяқтала ма, жоқ па — мен үшін бұл маңызды емес. «Реалдың» бапкері болудан бас тарту туралы ойыма да келген емес.»

Сіз өзіңізді кінәлі сезінесіз бе?

«Маңызды емес. Бұл менің көзқарасымды өзгертпейді. Мен Ла Лига мен Кубок финалына дайындалып жатырмын. Өткен маусыммен салыстырғанда, биыл командалық рух жетіспей қалды.»

«Реалға» футбол жетіспеді ме?

«Қиын кезеңнен абыроймен өтуіміз керек, себебі алда маңызды ойындар күтіп тұр. Себальос толық дайын болмағандықтан, бастапқы құрамда шыққан жоқ. Команданың психологиялық жағдайы үшін алаңдамаймын — біз бұдан сабақ алуымыз керек.»

Егер бұл кезеңді қайта ойнауға мүмкіндік болса, сіз бірдеңені өзгертер ме едіңіз?

«Жоқ.»

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie