Алты гол және Кейннің дублі: Англия - Хорватия матчының шолуы
Англия құрамасы әлем чемпионатының L тобындағы алғашқы матчында Хорватияны 4:2 есебімен жеңіп, турнирді сәтті бастады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесудің 12-минутында ағылшындар пенальти орындау құқығына ие болды. Доминик Ливакович Харри Кейннің алғашқы соққысын қайтарғанымен, төреші пенальтиді қайта тептіруге шешім қабылдады. Екінші мүмкіндігін Кейн мүлт жібермей, есеп ашты.
36-минутта Мартин Батурина таразы басын теңестірді. Алайда бірінші тайм аяқталуға жақын қалғанда Кейн дубль авторы атанып, Англияны қайта алға шығарды. Дегенмен таймға қосылған уақытта Петар Муса гол соғып, есепті 2:2-ге жеткізді.
Үзілістен кейін Томас Тухель шәкірттері ойын тізгінін өз қолына алды. 47-минутта Джуд Беллингем мергендік танытса, 85-минутта Маркус Рэшфорд матчтың нүктесін қойды.
Назарларыңызға матчқа шолуды ұсынамыз.