locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Алонсо Энцо Фернандестің «Челсидегі» болашағы туралы пікір білдірді

Аргентиналық жартылай қорғаушыға өзге клубтар қызығушылық танытса да, ол Лондон командасының жоспарында қала береді
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
@enzojfernandez

Энцо Фернандестің «Челсидегі» болашағы трансферлік терезе жабылар алдындағы басты тақырыптардың бірі болып отыр. Аргентиналық жартылай қорғаушының Лондоннан кетуі мүмкін деген сыбыстар тарағанымен, команда бас бапкері Хаби Алонсо ойыншыға сенім артатынын аңғартты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Энцо Фернандес «Челси» сапында жаңа маусымға дайындықты жалғастыруда.

Кетуі мүмкін деген қауесеттерге қарамастан, аргентиналық жартылай қорғаушы әзірге Лондон клубының ойыншысы болып қала береді. Бұған дейін футболшының өзі де команда ауыстыруға қарсы еместігі айтылған.

Әр түрлі кезеңдерде Фернандесті мадридтік «Реал» және «Манчестер Сити» клубтарымен байланыстырды.

Келіп түскен ақпарат бойынша, «Манчестер Сити» аргентиналық ойыншыны трансферлеуге шындап талпынып көрген.

«Қалалықтар» жартылай қорғаушы үшін 120 миллион еуроға жуық ұсыныс жасауға дайын болғанымен, мәміле соңына дейін жетпеді.

Осылайша, соңғы апталардағы ең көп талқыланған трансферлердің бірі әзірге тек келіссөздер мен қызығушылық деңгейінде қалуда.

«Челси» бас бапкері Хаби Алонсо Фернандестің кетуі туралы қауесеттерді өршітуге жол бермеді.

Испаниялық маман жартылай қорғаушы команда құрамында қалып, алдағы матчқа тыңғылықты дайындалып жатқанын атап өтті.

«Энцо Фернандес – „Челсидің“ ойыншысы. Бұл – ең жоғары деңгейдегі футболшы. Біз оның ойынына ризамыз, ол дүйсенбіге дайындалып жүр», — деп келтіреді Алонсоның сөзін Foot Mercato.

Ағылшын Премьер-Лигасының келесі турында «Челси» сырт алаңда «Фулхэммен» кездеседі.

Алонсоның мәлімдемесіне қарағанда, Фернандес осы матч пен жалпы маусымда бапкерлік штабтың жоспарында бар.

«Челси» үшін мұндай ойыншыны сақтау – тығыз күнтізбе мен орталық алаңдағы тұрақтылық қажеттігін ескергенде, жоғары орындарға күресте маңызды фактор.

Энцо Фернандес қазіргі «Челси» құрамындағы ең мәртебелі футболшылардың бірі болып қала береді.

Аргентиналық жартылай қорғаушы темп беріп, допты ілгерілетіп, прессингке қатысып, қорғаныс пен шабуылды байланыстыра алады. Сондықтан оның ықтимал кетуі команда балансына үлкен сұрақтар тудырған болар еді.

Фернандес клубтық деңгейде де, Аргентина құрамасымен де елеулі жетістіктерге жетіп үлгерді.

Оның мансабындағы басты трофей – 2022 жылғы Катардағы әлем чемпионатының жеңісі. Турнир қорытындысы бойынша ол үздік жас ойыншы атағын иеленген.

Арада екі жыл өткен соң Энцо ұлттық командамен бірге 2024 жылғы Америка Кубогын жеңіп алды.

Клубтық деңгейде де аргентиналық футболшының жетістіктері аз емес.

Фернандес «Ривер Плейт» сапында Аргентина чемпионы атанып, «Бенфикамен» Португалия біріншілігінде топ жарды.

«Челсиге» ауысқаннан кейін ол УЕФА Конференциялар лигасы мен Клубтық әлем чемпионатының жеңімпазы болды.

Абылай Сеитов
Журналист
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie