«Сити» «Ливерпульді» ойсырата жеңді: «Энфилдтегі» жеңілістен кейінгі АПЛ турнирлік кестесі
Англия Премьер-лигасының алтыншы турындағы матчтар аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Турдың орталық матчында «Манчестер Сити» сырт алаңда «Ливерпульді» ойсырата жеңді (3:0). «Қалалықтар» «Энфилдте» мерсисайдтықтарға жауапсыз үш гол соқты.
62-минутта Райан Гравенберх өз командасына үлкен қиындық келтіріп, «қызылдарды» алаңда бір ойыншыға кем қалдырды. Осыдан кейін «қалалықтар» принципті қарсыласынан тас-талқан етті. Есепті Эрлинг Холанд ашса, тағы екі голды Жереми Доку мен Райан Шерки соқты.
Осылайша, «қалалықтар» АПЛ-де жеке-дара көш бастап, «Арсеналдан» үш ұпайға озып келеді. «Канонирлер» алтыншы турда «Лидсті» 2:1 есебімен жеңіп, камбэк жасады.
«Брайтон» мен «Брентфорд» сенсациялық бастауын жалғастыруда. Қарапайым клубтар сәйкесінше үшінші және төртінші орындарға жайғасты (13 және 10 ұпай). Үздік алтылыққа сондай-ақ «Эвертон» мен «Челси» (10 ұпайдан) кіріп отыр.
«Ливерпуль» мен «Манчестер Юнайтед» үшін қиын кезең жалғасуда. Мерсисайдтықтар 9 ұпаймен небәрі тоғызыншы орында тұр. Ал «қызыл сойқандар» 6 ұпаймен 13-сатыға жайғасқан.
АПЛ-дің төмендеу аймағы мынадай:
- 18) «Тотенхэм» - 3 ұпай;
- 19) «Ковентри Сити» - 3;
- 20) «Фулхэм» - 2.
