Алонсо «Челси» сапындағы Сатпаевтың болашағы туралы шешім қабылдады
Лондондық «Челси» клубының жаңа бас бапкері Хаби Алонсо командаға жаңадан қосылған қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаевқа қатысты шешім қабылдап үлгерді.
Daily Mail хабарлағандай, 44 жастағы маман талантты шабуылшының әлеуетін маусым алдындағы дайындық кезінде өз көзімен бағаламақ. Осы кезеңдегі көрсеткіштеріне қарай Алонсо Дастанның болашағына қатысты түпкілікті шешім қабылдайды — яғни ол шабуылшыны «Челси» сапында қалдыра ма, әлде француздық «Страсбург» клубына жалға жіберемін бе, соны анықтайды.
Айта кетейік, Сатпаев «Қайрат» сапындағы соңғы матчын өткізіп үлгерді. Оның Лондон клубына ауысуы 18 жасқа толған соң жүзеге асады. Британдық Премьер-лига алпауыты болашағынан зор үміт күттіретін шабуылшыны 2,4 миллион еуроға сатып алды.