locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Алаңдататын жаңалық: «Бернли» Еуропа лигасының үздік ондығынан Сатпаевқа бәсекелес ойыншыны алмақ

«Кларнеттер» Марцель Регула үшін жеті миллион еуро төлейді
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Алаңдататын жаңалық: «Бернли» Еуропа лигасының үздік ондығынан Сатпаевқа бәсекелес ойыншыны алмақ
ФОТО: x.com/ZaglebieLubin

14 тамыз күні «Бернли» «Челсиден» Дастан Сатпаевты жалға алғанын жариялады, алайда Қазақстан құрамасының ойыншысы алаңдағы уақыт үшін айтарлықтай мықты бәсекелеске тап болуы мүмкін, деп хабарлайды Sports24.kz.

Польша Экстраклясының өкілі — Любиндік «Заглембе» клубының президенті Павел Еж 19 жастағы вингер Марцель Регулаға қатысты «Бернлиден» ұсыныс түскенін растады:

«Бернлиден» ұсыныс қазірдің өзінде үстелде жатыр және біз Чемпионшип клубының қаржылық шарттарын түпкілікті мақұлдауға өте жақынбыз. Олардың мақсаты — Премьер-лигаға қайта оралу, бірақ бәрі сабырлы. Егер трансфер жүзеге асса, бұл біздің рекордтық көрсеткішімізден әлдеқайда асып түседі. Бонусын қоса алғанда, сома жеті миллион еуродан әлдеқайда көп болады», — деді Еж Kanał Sportowy-ға берген сұхбатында.

«Мысшылардың» түлегі 2024 жылдан бастап негізгі командада ойнап келеді — осы уақыт аралығында 46 матчқа қатысып, тоғыз гол соғып, сегіз нәтижелі пас берген. 19 жастағы Регула Польша жасөспірімдер құрамасында да жақсы өнер көрсетуде: жеті матчта екі голдың авторы атанған.

Бұған дейін жас вингерді Германия клубтарымен, атап айтқанда дортмундтық «Боруссия» мен «Кельнмен», байланыстырып келген болатын.

Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie