locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайрат» «Левскиден» өтсе, қарсыласы анықталды

Алматылықтардың Чемпиондар лигасына апарар соңғы тосқауылы белгілі болды
«Қайрат» «Левскиді» өтсе, қарсыласын білді
ФОТО: Кайрат

3 тамыз күні Чемпиондар лигасының іріктеу плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды. Осы рәсім барысында «Қайрат» болгариялық «Левскиден» өтсе, кіммен кездесетіні белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Егер алматылықтар болгариялық ұжымнан басым түссе, плей-офф кезеңінде олар гректің АЕК клубымен шеберлік байқасады. Бұл қарсыластар арасындағы ойындар 18/19 тамызда (алғашқы матч) және 25/26 тамызда (қарымта матч) өтеді. Алғашқы ойын «Левски» – «Қайрат» жұбының жеңімпазының алаңында ұйымдастырылады.

Еске сала кетейік, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан жағдайда, «Қайрат» автоматты түрде Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алады. Ал егер «Левскиден» өте алмаса, онда алматылықтар Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне түседі.

Ол жердегі қарсылас 3 тамыз күні Астана уақытымен 16:00-де анықталады. Қазірдің өзінде алматылық командаға қарсылас болуы мүмкін командалардың тізімі жарияланды.

Айта кетейік, «Қайрат» пен «Левски» арасындағы Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіне өтетін команданы анықтайтын ойындар 4 тамызда (бірінші матч) және 11 тамызда (қарымта матч) өтеді.

Бірінші ойын Болгария астанасы Софияда, ал қарымта матч Алматыда емес, Түркістандағы «Түркістан Аренада» өтеді.

Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie