locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ливерпуль» бапкері «Манчестер Ситиден» ойсырай жеңілген матчтағы төрешіні айыптады

Андони Ираола АПЛ матчында мерсисайдтық клубтың 0:3 есебімен жеңілуінен кейін төрешінің шешіміне наразылық білдірді
«Ливерпуль» бапкері «Манчестер Ситиден» ойсырай жеңілген матчтағы төрешіні айыптады
ФОТО: x.com/VictorChuksJr1

«Ливерпульдің» бас бапкері Андони Ираола Англия Премьер-лигасының алтыншы турында өз алаңында «Манчестер Ситиден» жеңілгеннен кейін төреші Крис Каванаудың жұмысына көңілі толмағанын айтты, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Энфилдте» өткен кездесу 0:3 есебімен аяқталды. Матчтың шешуші сәті 62-минутта «Ливерпуль» жартылай қорғаушысы Райан Гравенберхтің алаңнан қуылуы болды.

Осыдан кейін «Манчестер Сити» үш гол соқты. Эрлинг Холанд 65-минутта есеп ашса, Жереми Доку 68-минутта көзге түсті. Ал Райан Шерки 78-минутта матчтың соңғы есебін белгіледі.

Айта кетейік, Гравенберх алғашқы сары қағазын осы ереже бұзушылығы үшін алған.

Ал екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылуына мына эпизод себеп болды.

Матчтан кейін Ираола төрешінің Гравенберхке алғашқы сары қағаз көрсету туралы шешімімен келіспейтінін жеткізді.

«Райанның алғашқы ереже бұзушылығы сары қағаз көрсетуге мүлде лайық емес еді. Мұндай матчтарда қарсыластың аяғын басып кету немесе басқа да болмашы тәртіп бұзушылықтар жиі кездеседі. Төреші тіпті бірден фолды да тіркеген жоқ. Ақырында ол өзіне де, бізге де қиындық туғызды», - деді бапкер.

Маманның айтуынша, ойыншының алаңнан қуылуы кездесудің барысын түбегейлі өзгертті.

«Біз екі түрлі матч өткіздік: біріншісі қызыл қағазға дейін болса, екіншісі ойыншы алаңнан қуылғаннан кейін соңына дейін жалғасты», - деп атап өтті Ираола.

АПЛ-дің алты турында «Манчестер Сити» 18 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр. Ал тоғыз ұпайы бар «Ливерпуль» тоғызыншы орында келеді.

Келесі турда, 17 қазанда, мерсисайдтық клуб сырт алаңда «Брентфордпен» кездеседі. Ал «Манчестер Сити» өз алаңында «Ипсвичті» қабылдайды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie