locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Кравец «Барыстың» ҚХЛ аясында «Сибирьге» қарсы матчқа құрамын жариялады

Астанадағы кездесу 19:30-да басталады
Кравец «Барыстың» ҚХЛ аясында «Сибирьге» қарсы матчқа құрамын жариялады
ФОТО: ХК «Барыс»

12 қазанда Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» өз айдынында новосібірлік «Сибирьді» қабылдайды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Матчтың тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады.

«Барыс» — «Сибирь» ҚХЛ аясында: матчты тікелей эфирде қайдан көруге болады

Астаналық команданың бас бапкері Михаил Кравец ойынға қатысатын хоккейшілер құрамын жариялады.

«Барыстың» құрамы:

Шепард (Шутов);

Масси – Дэй, Өмірбеков – Пилон – Бэйли;

Маккошен – Данияр, Симонов – Морелли – Томпсон;

Бритиков – Приски, Ляпунов – Шестаков – Қайыржан;

Бекетаев – Әлібек, Савицкий – Шайхмедденов – Әсетов.

Айта кетейік, «Барыс» бүгінгі ойынға қатарынан үш жеңіспен келіп отыр. Астаналық клуб сырт алаңда нижнекамскілік «Нефтехимикті» овертаймда 5:4 есебімен, ал мәскеулік «Спартакты» буллиттер сериясында 4:3 есебімен жеңді. Одан кейін команда Астанаға оралып, омбылық «Авангардтан» 5:1 есебімен басым түсті.

Бүгінгі матч алдында «Барыстың» еншісінде 13 ойыннан кейін 16 ұпай бар. Команда турнир кестесінде төртінші орында тұр. Ал «Сибирь» 14 кездесуден кейін 11 ұпай жинап, оныншы сатыға жайғасқан.

«Жеңісті серия»: ҚХЛ «Сибирьге» қарсы матч алдында «Барысты» атап өтті

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie