locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сатпаевтың алаңға қайта оралуынан кейін «Бернли» басшылығында өзгерістер басталды

Ағылшын клубында жаңа спорт директоры қызметке келеді
ФОТО: Getty Images
Чемпионшип Англия
10.10.2026, Аяқт.
Уотфорд
0
Бернли
4

Испаниялық Диего Лопес ағылшындық «Бернлидің» жаңа спорт директоры болады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Журналист Маттео Мореттоның хабарлауынша, маман италиялық «Дженоадан» кеткеннен кейін клубтың ұзақ мерзімді жобасына қосылуға келіскен. Ол жақын уақытта жаңа қызметіндегі жұмысына кіріседі деп күтілуде.

«Бернли» командасын дамытып, ағылшын футболының жоғарғы деңгейіне қайта оралуды көздеп отыр.

Еске салайық, бұған дейін сенбі, 10 қазанда, «Бернли» сырт алаңда «Уотфордты» Англия чемпионаты матчында 4:0 есебімен ойсырата жеңген еді. Бұл жеңіс командаға турнир кестесіндегі соңғы орыннан көтерілуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар клуб ақпан айынан бері алғаш рет бір матчта үш ұпай еншіледі. «Бернли» жеңіссіз 241 күн өткізген болатын.

Еске салайық, 18 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаев Англия Чемпионшипінің 9-туры аясында «Уотфордқа» қарсы матчта алаңға қосалқы құрамнан шығып, шамамен 20 минут ойнады. Бұған дейін шабуылшы жамбастың артқы бұлшықетінен алған жарақатына байланысты бір айдан астам уақыт ойынға қатыса алмай, қыркүйек айының басынан бері алғаш рет алаңға қайта шықты. «Уотфордқа» қарсы қонақтағы кездесуде Сатпаев 74-минутта Якоб Бруун Ларсеннің орнына алаңға шықты.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie