Михаил Шайдоров Гран-при кезеңіндегі сәтсіздіктен кейін жанкүйерлеріне үн қатты
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026/27 жылғы маусымдағы ISU Гран-при сериясының Францияның Анже қаласында өткен алғашқы кезеңіндегі өнерінің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша Олимпиада чемпионы 206,55 ұпай жинап, оныншы орынға ие болды. Қазақстандық спортшы қысқа және еркін бағдарламаларында бірнеше қателікке жол берді.
Турнирден кейін Шайдоров әлеуметтік желілерде жанкүйерлеріне үн қатты. Михаил сонымен қатар берілмей, мұз айдынына бұрынғыдан да мықты болып оралуға уәде берді.
«Әрдайым бәрі біз қалағандай бола бермейді. Мұз тайғақ. Сіздердің алаңдаушылықтарыңызды көріп, хабарламаларыңызды оқып отырмын және қолдау білдірген әрқайсыңызға шексіз ризамын. Менімен бірге тек жеңістерді ғана емес, жеңілістерді де бөліскендеріңіз үшін рақмет. Өйткені олар да осы жолдың бір бөлігі», - деп жазды мәнерлеп сырғанаушы.
Айта кетейік, Шайдоров — 2026 жылғы ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы. Анжедегі турнир ол үшін жаңа маусымдағы Гран-при сериясының алғашқы кезеңі болды.
Шайдоровтың Франциядағы Гран-при қорытындысындағы орны белгілі болды