Рыбакина маусым көшін бастап, Соболенконы басып озды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әйелдер турында жеңіп алған титулдар саны бойынша 2026 жылғы маусымның жеке-дара көшбасшысы атанды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Шешуші фактор Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирдегі жеңіс болды. Финалда қазақстандық теннисші канадалық Лейла Фернандесті 6:2, 6:2 есебімен сенімді түрде ұтты.
Осылайша, Рыбакина қазіргі маусымдағы төртінші жүлдесін иеленді. Бұған дейін ол Australian Open, US Open және Штутгарттағы турнирдің чемпионы атанған еді.
Титулдар саны бойынша қазақстандық теннисші 2026 жылы турнирлерде үш жеңістен тіркеген беларусьтік Арина Соболенко мен ресейлік Мирра Андрееваны басып озды.
Сонымен қатар, Рыбакина осы маусымда жеңген матчтар саны бойынша да көш бастап тұр. Оның еншісінде 53 жеңіс бар. Ең жақын қуғыншылары — Андреева мен америкалық Джессика Пегула — 50 жеңістен тіркеді.
Нинбодағы титул Рыбакина үшін кәсіби мансабындағы 15-ші және WTA 500 санатындағы турнирлердегі жетінші жүлде болды. Қазақстандық теннисші Қытай қаласындағы жарыста екінші жыл қатарынан жеңіске жетті.
Еске сала кетейік, биылғы турнирдің финалында Рыбакина өз доп беру геймдерінде бірде-бір гейм ұтылмай, матчты 1 сағат 16 минутта аяқтады.
Нинбодағы триумфынан кейін WTA Рыбакинаның рейтингін жаңартты