locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Астана» мен «Қайсар» ҚПЛ матчында жеңімпазды анықтай алмады

Командалар бір-бірінің қақпасын аша алмады
Футбол
ФОТО: «Кайсар»
Қазақстан Премьер-Лигасы
25.10.2026, Аяқт.
Астана
0
Кайсар
0

Елор­далық «Астана» Қазақстан Премьер-лигасының 29-турының қорытынды матчында қызылордалық «Қайсарды» қабылдады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Алаң иелері айқын басымдыққа ие болып, қарсыласына қарағанда қақпаға төрт есе көп соққы жасағанымен, Қызылорда командасының қақпасын сол күйі аша алмады. Нәтижесінде Астанадағы стадион таблосы 0:0 есебін көрсетті.

Тең нәтиже командалардың ҚПЛ-дегі бұрынғы орындарында қалуына себеп болды. «Астана» үшінші орында тұр және маусымның аяқталуына бір тур қалғанда «Оқжетпесті» екі ұпайға басып озады. Үшінші орынмен аяқтаған жағдайда, қола медальдардан бөлек, Григорий Бабаян шәкірттері УЕФА Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінде ойнау құқығына ие болады.

25 ұпайы бар «Қайсар» турнир кестесінің соңғы сатысында қалды. Дегенмен команда ҚПЛ-дегі орнын сақтап қалу мүмкіндігін әлі жоғалтқан жоқ, өйткені «құтқару аймағында» тұрған «Алтай» мен «Атыраудың» еншісінде 27 ұпайдан бар. «Қайсарға» соңғы турда жеңіске жетіп, бәсекелестерінің жеңілуіне үміт арту қажет.

ҚПЛ. 29-тур

«Астана» – «Қайсар» 0:0

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie