WTA Нинбодағы жеңісінен кейін Рыбакинаның рейтингін жаңартты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен турнирдегі жеңісінен кейін Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингтік жарысында көш бастап келеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Шешуші матчта әлемнің бірінші ракеткасы әлемдік рейтингте 30-орында тұрған Канада өкілі Лейла Фернандеспен кездесті. Кездесу Қазақстандық теннисшінің жеңісімен 6:2, 6:2 есебімен аяқталды.
Нинбода титулын қорғағаннан кейін Елена Рыбакинаның рейтингтік ұпайы 9501-ге жетті. Екінші орында Беларусь өкілі Арина Соболенко (7550) қалды, ал үздік үштікті ресейлік теннисші Мирра Андреева (6306) түйіндейді.
АҚШ өкілі Джессика Пегула төртінші орында тұр. Тағы бір америкалық Кори Гауфф бесінші орынға жайғасты.

Рейтингтің үздік 15-тігінде бір өзгеріс болды: ресейлік Диана Шнайдер 13-орыннан 12-орынға көтеріліп, поляк теннисшісі Майя Хвалиньскадан озды.
Нинбодағы турнирдің жартылай финалында Шнайдер Рыбакинадан жеңілді. Жарыс финалисі, канадалық Лейла Фернандес, бірден алты сатыға көтеріліп, WTA чемпиондық жарысында 22-орынға жайғасты.