locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ақылға қонымсыз». «Реал» президенті «Қайратқа» шүйлікті

Перес «Реал» мен «Қайрат» арасындағы матчыды еске алып, УЕФА-ны тағы сынға алды
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Ақылға қонымсыз». «Реал» президенті «Қайратқа» шүйлікті
ФОТО: Getty images

Мадридтік «Реал» клубының президенті Флорентино Перес жыл сайын өтетін жалпы жиналыста сөз сөйлеп, УЕФА-ға өткір сын бағыттады. Ол халықаралық матчтардың қазіргі жағдайын көтеріп, соның ішінде ЧЛ-ның жақында «Қайратқа» қарсы өткен кездесуді де атап өтті.

Перестің айтуынша, еуропалық футбол соңғы жылдары клубтарды құрлықтан тыс алаңдарға шығуға мәжбүр етіп отыр - бұған басты себеп ретінде жаңа аудитория іздеу және қаржылық тұрақтылықты сақтау қажеттілігі көрсетілді.

«Клубтарға өз турнирлерін ұйымдастыруға тыйым салуға тырысу - бұл қалыптан тыс әрі заңға қайшы. УЕФА бізге қалай өмір сүру керектігін бұйырып, жанкүйерлерге зиян келтіретін форматтарды күштеп таңады. Сол себепті біз Азияда, Қытайға жақын аймақтарда матч өткізуге мәжбүр болып отырмыз», - деді «Реал» басшысы.

Бұл сөздер мадридтік клубтың күзде Алматыға жасаған сапарына тікелей ишара болды. Еске сала кетейік, 30 қыркүйекте «Реал» ЧЛ-ның екінші туры аясында сырт алаңда «Қайратпен» кездесіп, 5:0 есебімен айқын жеңіске жеткен еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie