locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Патша клуб әзірге алынбас қамал. «Реал» Мбаппенің хет-тригімен «Қайратты» ойсырата жеңді

«Бланкос» Алматыда ірі есеппен жеңіске жетті
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: ФК Реал

Алматыда өткен УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турындағы өз алаңындағы матчта «Қайрат» мадридтік «Реалды» қабылдады. Қожайындар 0:5 есебімен күйрей жеңілді.

Қонақтар ойын басталғаннан-ақ басымдық танытып, бірнеше қауіпті сәттер жасады. Мысалы, Калмурза Мбаппеден келген қауіпті соққыны қайтарды. Алайда 25-минутта француз шабуылшысы жас қақпашымен жеке шыққан сәтте оны қапы қалдырды.

«Бланкос» жасаған шабуыл кезінде Калмурза айып алаңында Мастантуононы шалып жықты, ал Мбаппе суыққандылықпен пенальтиді дәл орындады.

Екінші тайм басында жұлдызды француз дубль жасады. Бұл жолы оған пас берген – Тибо Куртуа. Бельгиялық қақпашы допты алаңның арғы шетіндегі әріптесіне жеткізді.

Есеп 2:0-ге жеткенде, екінші таймда төреші Дани Себальос Александр Мартыновичке қарсы ереже бұзды деп «Реал» қақпасына пенальти белгіледі. Дегенмен, рефери VAR-ды қарап, бастапқы шешімінен бас тартты.

Одан кейін Мбаппе хет-трик жасап, үшінші рет Калмурзаны қапалантты. Ассистент рөлінде Гюлер көзге түсті. Сосын Родригоның пасын тиімді пайдаланған Камавинга есепті тым ірі қылды. Ал қосымша уақытта Диас алаң иелерін түбегейлі күйретті.

21 қазанда «Қайрат» Чемпиондар Лигасының үшінші турында Кипрдің «Пафосын» қабылдайды.

Чемпиондар лигасы, 2-тур

«Қайрат» – «Реал» – 0:5 (0:1)
Голдар: Мбаппе, 25 (пенальти), 52, 74, Камавинга, 83, Диас, 90+3

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie