«Сәлем, ФИФА». Панаманың 2026 жылғы ӘЧ алдындағы жаттығуы желіде мазаққа ұшырады
Панама құрамасы тарихында екінші рет әлем чемпионатына қатысуға дайындалып жатыр және ұлттық команданың жаттығуынан резонанс тудырған видеоны жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Жаттығу кезіндегі видео интернетте лезде таралып, желіде хейт толқынын тудырды.
Жүздеген мың қаралым жинаған кадрларда панамалық футболшылардың кәсіби деңгейі тым төмен екені анық байқалады.
Ойыншылар қарапайым сәттерде күлкілі қателіктер жіберіп, допты ауытқа бағыттап, қабылдау кезінде доптан айырылып, қақпаға соққыларын жиі мүлт жіберді. Тактикалық жаттығулар кәсіби команданың үйлескен жұмысынан гөрі, ретсіз қозғалысты еске салды.
Желіде қатаң сын
Футбол жанкүйерлерінің реакциясы көп күттірген жоқ. Олардың басым бөлігі Панама құрамасы мен мундиалды 48 командаға дейін кеңейткен ФИФА-ға мейірімсіз сын айтты.
«Осыны көрген соң тотализаторда ұта алар едің 😂».
«48 ел қатысатын турнир – бұл нағыз сәтсіз шешім».
«Олар жартылай футболшы, таза әуесқойлар ғой 😂».
«Сәлем, ФИФА, бұдан артық не айтуға болады. Тағы да көп команда керек, әлі де көбірек😂».
«Олли Уоткинс бұл құрамға еркін іліне алады. Елестетіңізші, ол осы қарсыластарға қарсы негізгі құрамда шығып, оңай хет-трик жасар еді».



2026 жылғы ӘЧ-дегі Панама
Панама тарихында екінші рет Мундиальға қатысады, мұнда L тобында оларға Англия, Хорватия және Гана секілді мықты қарсыластар қарсы тұрады.
2018 жылғы Ресейдегі әлем чемпионатында Панама құрамасы топтағы үш матчтың барлығында ұтылып, соңғы орынға тұрақтаған. Сол кезде квартеттегі қарсыластары Бельгия, Тунис және тағы да Англия болған еді. Англия Панаманы 6:1 есебімен ойсырата жеңген болатын.
2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусымнан 19 шілдеге дейін АҚШ, Мексика және Канадада өтеді. Жаздың басты оқиғасына айналатын турнирдің бірегей деректерімен осы жерден таныса аласыз.