Қазақстан құрамасы Ташкентте Ресеймен матч өткізеді
Ресей футболының ұлттық құрамасы 12 қарашада Ташкентте Өзбекстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Ресей футбол одағы (РФО) Ресей мен Өзбекстан ұлттық құрамалары арасындағы матчтың өтетінін ресми түрде жариялады. Ойын «Пахтакор» стадионында өтеді.
Бұл құрамалар үшін аталған кездесу тарихтағы екінші ойын болады. Командалар алғаш рет 2022 жылғы 20 қарашада Ташкентте кездесті. Ол матчта гол соғылмай, 0:0 есебімен аяқталған еді.
Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы өз тарихында алғаш рет 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды. Команда Азиядағы іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша мундиальға қатысу құқығына ие болды. Әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасы Колумбия, Португалия және Конго Демократиялық Республикасымен бір топта ойнайды.
Ресей құрамасы 2022 жылдан бері ФИФА мен УЕФА аясындағы ресми халықаралық жарыстардан шеттетілген және жолдастық матчтар өткізіп келеді.
Соңғы кездесуінде Валерий Карпин шәкірттері Нигерия құрамасымен нәтижелі тең ойын тіркеді — 3:3.