Циципас Almaty Open турнирінің екінші кезеңіне өтіп, Кукушкинмен ойнайды
Грекиялық теннисші Стефанос Циципас Almaty Arena кешенінде өтіп жатқан ATP 250 санатындағы Almaty Open турнирін сәтті бастады. Бірінші кезеңде ол америкалық Александр Ковачевичті жеңді. Әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы қарсыласын үш сетте ұтты, деп хабарлайды Sports24.kz.
ATP әлемдік рейтингінде 39-орында тұрған және жетінші нөмірлі жеребеге ие болған 28 жастағы Циципас әлемнің 82-ракеткасын 7:6 (11:9), 3:6, 6:3 есебімен жеңді.
Матч екі сағат бір минутқа созылды. Осы уақыт ішінде грекиялық теннисші жеті эйс жасап, екі рет қос қателік жіберді.
Келесі кезеңде Циципас Қазақстан өкілі Михаил Кукушкинмен кездеседі. 38 жастағы қазақстандық теннисші бұған дейін грек Стефанос Сакелларидисті 7:6 (7:4), 7:6 (7:3) есебімен жеңіп, бірінші кезеңнен өткен.
Циципас Almaty Open турниріне екінші рет қатысып отыр. 2022 жылы, жарыс Астанада өткен кезде, ол финалға дейін жетті. Кәсіби мансабында грекиялық теннисші ATP турнирлерінде 13 титул жеңіп алған, оның ішінде Монте-Карлодағы Masters 1000 санатындағы үш жеңісі бар. Сонымен қатар ол «Үлкен дулыға» турнирлерінің финалында екі рет ойнаған.
Алдағы матчтың жеңімпазы Алматыда 17-25 қазан аралығында өтетін Almaty Open турнирінің ширек финалына жолдама алады. Бұл – Орталық Азия мен ТМД елдеріндегі осы санаттағы жалғыз турнир.
Айта кетейік, бұған дейін Михаил Кукушкин кәсіби мансабын аяқтауды жоспарлап отырғанын мәлімдеген еді. Теннисші бұл шешімді қабылдау өзіне оңай болмағанын айтқан.
Тек Beeline клиенттері ғана алғашқы ғарыштық мобильді байланысты Direct to Mobile технологиясының арқасында Starlink жерсеріктері арқылы бүкіл Қазақстан аумағында пайдалана алады.