Стас Покатилов пен «Сабахтың» Чемпиондар лигасындағы «Боруссияға» қарсы тартысы: онлайн көру
Сейсенбі, 20 қазанда, Әзербайжанның «Сабах» клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші тур матчында Дортмундтың неміс «Боруссиясымен» кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесу Бакудегі Олимпиадалық стадионда өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 21:45-те басталады.
«Сабах» - «Боруссия» матчының тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Екі турдан кейін қос команда да үш ұпайдан жинады. Жалпы кезеңдегі алғашқы матчта «Сабах» ағылшынның «Манчестер Юнайтед» клубына 0:4 есебімен жол берді, алайда кейін өз алаңында чехиялық «Славияны» 2:0 есебімен жеңді.
«Боруссия» турнирді өз алаңында испандық «Вильярреалды» 3:2 есебімен жеңуден бастады, бірақ екінші турда сырт алаңда норвегиялық «Буде-Глимттен» 0:1 есебімен ұтылды.
«Сабах» сапында Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов өнер көрсетеді. Қақпашы Әзербайжан клубының турнирдің жалпы кезеңіндегі алдыңғы екі матчының екеуіне де қатысты.