locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Еркебұлан Тоқтар UFC аңызына қарсы жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

Жекпе-жекші Шымкенттегі «Ордабасы» стадионында мықты шоу өткізгісі келеді
Эксклюзивтер
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: IG Токтар

Қазақстандық танымал аралас жекпе-жек шебері әрі актер Еркебұлан Тоқтар UFC аңызы Тони Фергюсонға қарсы жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлім етті, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Жоспарда Тони Фергюсонға қарсы жекпе-жек бар. Бұл жекпе-жек бойынша келіссөздер жүріп жатыр. ММА ережесімен менде мүмкіндік жоқ. Бокс ережесімен. Оның қаламақысын төлеуге дайын демеушілер бар. Толы стадион жинай аламын деп сенемін. Бұл Алматыдағы Орталық стадион немесе Шымкенттегі «Ордабасы» стадионы болуы мүмкін. Снуп Доггты шақырып, оның әнімен шығуды армандаймын», – деді Еркебұлан Тоқтар «PROMMA PODCAST» подкастында.

Айта кетейік, 28 тамыз күні Еркебұлан Тоқтар Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтетін IBA Nomad лигасының турниріне қатысады. Оның қарсыласы – муай-тайдан Bangla Boxing Stadium-ның екі дүркін чемпионы, өзбекстандық Бобиржон "Испанчик" Исроилов, оның ММА-де кәсіби рекорды – 2-2. Алдыңғы жекпе-жегінде Еркебұлан Тоқтар ресейлік поп-ММА жекпе-жекшісі Артем Тарасовты мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Бұған дейін Еркебұлан Тоқтар өз тағдырын UFC-мен байланыстырғысы келмейтінін түсіндірген еді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie