locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық маман Алмабаевтың RAF-дағы ойсырай жеңілуін түсіндірді

Дарыным Аман Асу Алмабаев өзіне тән үздік қасиеттерін көрсете алмады деп есептейді
Эксклюзивтер
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Қазақстандық маман Алмабаевтың RAF-дағы ойсырай жеңілуін түсіндірді
ФОТО: IG Асу

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Асу Алмабаев күрес промоушені RAF (Real American Freestyle) турнирінде дебюттік жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кливлендте (АҚШ) Алмабаев 34 жастағы америкалық балуан Джонни Диджилиуспен кездесті. Диджилиус мансабында студенттік күресте бақ сынап, 115-47 есебімен әсерлі рекордқа ие.

Қазақстандық спортшының дебюті сәтсіз өтті. Диджилиус бірінші раундта-ақ 10-0 есебімен жеңіске жетті.

Алмабаевтың жекпе-жегінен кейін Sports24.kz тілшісі балуан бапкері Дарыным Аманмен байланысып, RAF-дағы қазақстандықтың дебюті туралы пікірін білді.

Маманның айтуынша, басты айырмашылық — Алмабаев өзінің ММА-дағы негізгі қаруларын пайдалана алмаған ортада күресті.

«Мұнда түсіну керек, Асу ММА жекпе-жегіне емес, таза күреске шықты. Бұл — мүлдем басқа спорт түрі, мұнда октагонда онша әсер етпейтін ұсақ-түйек детальдар шешуші рөл атқарады. Диджилиус бүкіл мансабын студенттік күресте өткізген, осындай айқастарда мол тәжірибесі бар, сондықтан қай жерде, қашан тәуекелге бару керегін жақсы біледі».

Аманның айтуынша, ММА-да Алмабаев қарсыласымен жұмыс істеуге әлдеқайда көп құралға ие.

«Асу күресуге тырысты, бірақ жылдам-ақ, қарсы алдында осы спорт түрімен өмір бойы айналысқан адам тұрғанын сезінді. ММА-да Алмабаев соққылар, тордағы клинч, сабмишн қаупі секілді тәсілдерді қолдана алады, ал мұнда қолында тек күрес құралы ғана қалды. Бұл жерде Диджилиус айтарлықтай тәжірибелі болып шықты».

Сонымен қатар, бапкер RAF-да жеңіліс Алмабаевтың ММА-дағы күрес шеберлігіне баға беруге негіз болмауы керек деп есептейді.

«Мен бұл жеңілістен Асу-дің ММА-дағы күрес деңгейіне қатысты қорытынды шығармаймын. Бұл — пайдалы тәжірибе. Ол таза күрес пен аралас жекпе-жектегі күрестің қаншалықты өзгеше екенін сезінді».

Алмабаев үшін бұл RAF-дағы алғашқы өнер көрсетуі болды. Ал бір аптадан кейін, 30 тамызда, қазақстандық спортшы Стамбулда жеңіліп көрмеген тәжік файтері Халим Назрулоевпен (11-0) No-Gi Jiu-Jitsu ережесі бойынша тағы бір айқас өткізеді.

Бұған дейін Сиднейдегі 2000 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, еркін күрестен қазақстандық балуан Ислам Байрамуков Асу Алмабаевтың Real American Freestyle лигасындағы дебюттік жекпе-жегіндегі негізгі қателіктерін атап өтті.

Темірбеков Самрат
Темірбеков Самрат
Журналист
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie