locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Аңыз балуан Алмабаевтың RAF-тағы жеңілісін талдады

Ислам Байрамуковтың пікірінше, Асуға балуандық қасиеттер әлі жеткіліксіз
Эксклюзивтер
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: коллаж

Сиднейдегі 2000 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, қазақстандық еркін күрес шебері Ислам Байрамуков Real American Freestyle (RAF) балуандық лигасындағы Асу Алмабаевтың дебюттік жекпе-жегіндегі жеңілісіне пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстандық ММА-ның басты жұлдыздарының бірі саналған Алмабаев америкалық Джонни Диджулиуске небәрі 88 секунд ішінде 0:10 есебімен ірі есепте жеңілді.

Айта кету керек, Диджулиус қазақстандық спортшымен кездескенге дейін өз штатының күресінен үш рет чемпион атанған.

«Бұл дайындық деңгейін көрсетеді. ММА-да Асу өз еліңде – патша, белгілі бір деңгейге жетті. Ал еркін күрес ережелерімен орташа балуанмен тең дәрежеде күресу үшін жылдар керек. Асуға бұл ұйымға барудың не қажеті болды, білмеймін, себебі бұл – басқа специфика. Қалай болғанда да, кінәлаудың, сынаудың қажеті жоқ. Сен рингке шықтың, ештеңеден қорықпадың – бұл құрметке лайық. Қазіргі таңда базалық еркін күресші не болмаса грек-рим стиліндегі спортшыларға қарсылас болу оған әлі қиындау», – деді Ислам Байрамуков.

Асу Алмабаевтан бөлек, Real American Freestyle турнирлерінде әлем чемпионы, қазақстандық еркін күрес жұлдызы Ризабек Айтмұхан да өнер көрсетеді. Сондай-ақ бұл промоушенде Хамзат Чимаев, Арман Царукян, Белал Мухаммад сынды MMA жұлдыздары да бақ сынайды.

Темірбеков Самрат
Темірбеков Самрат
Журналист
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie