locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Алматыда жатақханасы мен медициналық кешені бар гимнастика орталығы салынады

Кешен 670-нен астам спортшыны қабылдай алады
Басқа спорт түрлері
Алматыда жатақханасы мен медициналық кешені бар гимнастика орталығы салынады
ФОТО: Министерство промышленности и строительства РК

Алматыда Қазақстан гимнастика федерациясының спорт залдары, жатақханасы және медициналық-сауықтыру кешені орналасатын мамандандырылған орталығын салу жоспарлануда. Жоба мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды, деп хабарлайды Sports24.kz Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Нысан қаланың Алатау ауданында, №13 шағынаудандағы 3/1 учаскесінде бой көтереді. Тапсырыс беруші — Алматы қаласының Құрылыс басқармасы, ал жобаның бас жобалаушысы — «ҚазҒЗЭнергияжәнеБайланыс» ЖШС.

Жаңа орталықта спорттық және көркем гимнастика, батутта секіру, аэробтық гимнастика және спорттық акробатика залдары қарастырылады. Сондай-ақ жоба жарыстар өткізуге арналған әмбебап залды, хореография және балалар гимнастикасымен айналысуға арналған бөлмелерді қамтиды.

Спорттық инфрақұрылымнан бөлек, кешенде медициналық және қалпына келтіру орталығы, әкімшілік бөлмелер мен жатақхана жабдықталады.

Жобалық құжаттамаға сәйкес, орталық негізгі, жастар және жасөспірімдер санаттарындағы 670-тен астам спортшыны даярлауға есептелген.

Жаңа кешен түрлі жастағы гимнасшыларды дайындауға, жарыстар өткізуге және Алматыда гимнастиканы одан әрі дамытуға арналған алаңға айналуы тиіс.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie