locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жәнібек Әлімханұлы Канеломен жұдырықтасуы мүмкін, бірақ бір шарт бар

Әлімханұлы мен Банк арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы Сауль Альварестің ықтимал қарсыластарының тізіміне енді
Бокс
Жәнібек Әлімханұлы Канеломен жұдырықтасуы мүмкін, бірақ бір шарт бар
ФОТО: Getty images

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің бапкері әрі менеджері Эдди Рейносо шәкіртінің 2027 жылы кездесуі мүмкін қарсыластарын атады. Олардың қатарында қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен британиялық Якоб Банк арасындағы алдағы жекпе-жектің жеңімпазы да бар, деп хабарлайды Sports24.kz The Ring басылымына сілтеме жасап.

Әңгіме екінші орта салмақта чемпиондық белбеулерді біріктіру мақсатында өтетін кездесулер туралы болып отыр. WBO тұжырымы бойынша болашақ әлем чемпионынан бөлек, ықтимал қарсыластар тізіміне мексикалық Хайме Мунгия, америкалық Кристиан Андраде, WBC нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы Лестер Мартинес және жартылай ауыр салмақта WBC белбеуінің иегері Вилли Хатчинсон енген. Сондай-ақ Теренс Кроуфорд пен Дмитрий Биволға қарсы қарымта жекпе-жек өткізу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр.

Егер бұл жоспар жүзеге асса, Әлімханұлы үшін кәсіпқой бокстағы ең ірі кездесулердің біріне жол ашылуы мүмкін. Бұған дейін орта салмақта бірнеше чемпиондық белбеуді иеленген қазақстандық былғары қолғап шебері енді жаңа салмақ дәрежесінде де әлемдік деңгейдегі үздіктер қатарына қосылуды көздейді.

Алайда Канеломен кездесу мүмкіндігіне ие болу үшін Жәнібек алдымен маңызды сыннан сүрінбей өтуі керек. 2027 жылғы 23 қаңтарда ол Данияның Хорсенс қаласындағы Forum Horsens аренасында жеңіліс көрмеген Якоб Банкпен жұдырықтасады. Бұл кездесуде екінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша бос тұрған әлем чемпионы атағы сарапқа салынады. Аталған белбеу британиялық Хамза Шираз чемпиондық атағынан бас тартқаннан кейін бос қалған.

Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингте осы уақытқа дейін 17 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 12-сін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал қарсыласы Якоб Банктің еншісінде 20 жеңіс бар, соның 11-і нокаутпен тіркелген.

Осылайша, Даниядағы жеңіс қазақстандық боксшыға кезекті әлем чемпионы атағын ғана емес, Сауль Альвареспен кездесу мүмкіндігін де сыйлауы ықтимал. Дегенмен әзірге Жәнібек Канелоның ықтимал қарсыластарының бірі ретінде ғана аталып отыр. Екі тарап арасында жекпе-жек өткізу жөнінде ресми келіссөздер басталғаны хабарланған жоқ.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie