«Украина құрамасының ойыншысы ҚПЛ-дегі кез келген клубты күшейтеді» — сарапшы Гуцуляктың «Ордабасыға» ауысуы туралы
«Берн Йонсеннің мысалынан-ақ «Ордабасының» ойыншыларды іріктеу жұмысын жақсы жүргізіп, құрамды дәл нысаналы түрде күшейтуге тырысатынын көруге болады. Алексей Гуцуляктың әлеуетін бағалау қиын. Ол — Украина құрамасының қазіргі ойыншысы, ресми матчтарға да, жолдастық кездесулерге де шақырту алған. Мансабының басым бөлігін Украина чемпионатында өткізді, бірақ «Шахтер» немесе Киевтің «Динамосы» секілді деңгейі жоғары клубтарда ойнаған жоқ. Дегенмен «Днепр» мен «Карпаты» — мықты командалар. Қазір Украина чемпионатының деңгейін бағалау қиын. Бұл ойыншыны тамашалау қызық болмақ. Ол шабуылдың оң қапталында ойнайды, бұл позицияда Эльхан Астанов пен Жасұлан Әмір де бар. Украина құрамасының қазіргі ойыншысы Қазақстан чемпионатындағы кез келген клубты күшейтетіні анық», — деді Дмитрий Нестеренко.
Бұған дейін Алексей Гуцуляк Қазақстанға қоныс аударғаннан кейінгі алғашқы әсерімен бөліскен болатын. Украина құрамасы ойыншысының трансферлік құны үш миллион еуроға бағаланып отыр. Осылайша, ол Қазақстан Премьер-лигасындағы ең қымбат футболшылардың бірі атанды.
Бір қызығы, Алексей Гуцуляк МЛС пен Жапониядан түскен тиімді ұсыныстардан бас тартып, «Ордабасыны» таңдады.