locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО: Тоқтардың «Испанчикті» қалай нокаутқа түсіргені

Екінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтату туралы шешім қабылдады
ФОТО: sports.kz

Қазақстандық актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық Бобуржон «Испанчик» Исроиловты нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жекпе-жек 28 тамызда Астанада өткен IBA Nomad турнирінде өтті. Кездесу суперорта салмақта кәсіпқой бокс ережесі бойынша өтіп, төрт раундқа жоспарланған болатын. Алайда жекпе-жек толық қашықтыққа созылмады.

Тоқтар жекпе-жекті әсерлі бастап, қарсыласын небәрі 10-секундта нокдаунға жіберді. Алайда өзбекстандық файтер сасқалақтамай, соққыға төтеп беріп, бірінші раундта өзі де нокдаунмен жауап қайтарды.

Одан кейін Еркебұлан қарсыласын бірнеше рет нокдаунға түсірді. Екінші раундта Исроилов кезекті рет құлағаннан кейін төреші жекпе-жекті тоқтату туралы шешім қабылдады.
Нокауттың видеосын төменнен көруге болады.

Сол кеште Астанадағы турнирде бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы әрі 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов та өнер көрсетті.

Қазақстандық боксшы рекорды 18-4-1 болатын тәжірибелі африкалық боксшы Иммануэль Йозефке қарсы сегіз раундтық жекпе-жек өткізді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie