locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тоқтар мен «Испанчик» арасындағы жекпе-жек әсерлі нокаутпен аяқталды

Қазақстандық файтер Өзбекстан өкілі Бобиржон Исроиловпен кездесті
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар Астанада IBA Nomad лигасы ұйымдастырған International Boxing Day турнирінде Өзбекстан өкілі Бобиржон «Испанчик» Исроиловпен кездесті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жекпе-жек суперорта салмақта кәсіпқой бокс ережесі бойынша өтіп, төрт раундқа жоспарланған болатын. Алайда кездесу толық қашықтыққа созылмады.

Тоқтар жекпе-жекті әсерлі бастап, қарсыласын небәрі 10-секундта нокдаунға жіберді. Алайда өзбекстандық файтер сасқалақтамай, соққыға төтеп беріп, бірінші раундта өзі де қарсыласын нокдаунға түсірді.

Екінші раундта Тоқтар қарсыласын тағы бір рет рингке құлатты. Бобиржон бұл соққыға да төтеп берді. Алайда бірнеше секундтан кейін Еркебұлан қарсыласын нокаутқа жіберіп, жекпе-жекті әсерлі техникалық нокаутпен аяқтады.

Осылайша, Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізсе, Бобиржон кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Айта кетейік, бұған дейін Сәкен Бибосынов Астанадағы IBA Nomad лигасының International Boxing Day турнирінде тәжірибелі африкалық боксшыны ойсырата жеңген болатын.

Сондай-ақ бүгін Астанада Санжар Тәшкенбайдың кәсіпқой бокстағы дебюті өтеді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie